ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА СУИЦИД 31%-ҒА АЗАЙҒАН
1 min read
Биылғы жылдың 10 айында облыста жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсау 9 фактісі және 3 әрекет жасау оқиғалары тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 31%-ға төмен. Баспасөз брифингінде білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек осындай деректі мәлімдеді. Бұлай айтуға да себеп жоқ емес. Өйткені басқарма тарапынан биыл аталған кеселдің алдын алу үшін бірқатар жобалар қолға алынды. Оның ішінде пилоттық негізде жүзеге асып жатқаны да бар. Сондай-ақ, оқушылар қауіпсіздігі үшін биыл 1,8 млрд. теңге бөлінген.