ӨМІРЛІК ҚИЫН ЖАҒДАЙДА ЖҮРГЕН БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ МАҢЫЗДЫ
1 min read
Жамбыл облысындағы өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы облыс көлеміндегі отбасыларға, сондай-ақ ата-аналар мен патронаттық отбасыларға әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуде көптеген жұмыстар атқаруда. Осылайша, орталық полиция, денсаулық сақтау, әділет және әлеуметтік қорғау органдарымен ведомствоаралық тығыз байланыс орнатқан. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлескен жұмыс қиын жағдайдағы балалар мен отбасыларға көмек көрсетудің енгізілген алгоритміне негізделген.