"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ

1 min read

Облыс әкімдігінде сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатынң кезектен тыс, он екінші сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Жиында  «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша ҚР Парламенті жөніндегі округтік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру, «Жамбыл облысы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Жамбыл облыстық мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу сынды маңызды мәселелер қаралды. Ал сессияға қатысушы депутаттар тарапынан әр қабылданған шешімге дауыс беріліп, тараптар пікірі тыңдалды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *