ОБЛЫСТА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ: 2024 ЖЫЛҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР МЕН 2025 ЖЫЛҒЫ ЖОСПАРЛАР

Жамбыл облыстық білім басқармасы 2024 жылы атқарған жұмыстарды қорытындылады. Облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемовтың төрағалығымен өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде білім саласының дамуы мен алдағы жоспарлар талқыланды. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ләззат Қызылқұлова өткен жылы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларында жетістіктерге жеткенін атап өтті.