ОБЛЫС ӘКІМІ ЖАС САРБАЗДАРДЫ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШЫҒАРЫП САЛДЫ
1 min read
Жамбылдықтар әскерге шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салды. Шараның басты мақсаты-жастарды патриоттық тәрбиелеу, ҚР-ның Қарулы Күштерінде әскери қызметтің маңыздылығын насихаттау, жастардың Отанды қорғау қажеттілігі туралы дұрыс түсінігін қалыптастыру, олардың бойында адалдық, аға ұрпаққа құрмет, батылдық, Отанға және өз халқына деген сүйіспеншілік сияқты жоғары адамгершілік және моральдық-психологиялық қасиеттерді тәрбиелеу болып табылады. Салтанатты жиынға аймақ басшысы да арнайы қатысты.