ОБЛЫС ӘКІМІ ҚОРДАЙ АУДАНЫНДАҒЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Қордай ауданына жұмыс сапары Сарыбұлақ ауылындағы “Самғау” шаруа қожалығының жұмысымен танысудан басталды.Биыл 350 гектар алқапқа жүгері, 100 гектарға күздік бидай, 30 гектарға арпа еккен қожалық тамшылатып суару технологиясын тиімді пайдалануда. 6 бірлік техникасы бар шаруашылықта 15 адам жұмыспен қамтылған.