ОБЛЫС ӘКІМІ МОЙЫНҚҰМ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жұмыс сапарымен облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданына барды. Өңір басшысы аудандағы бірқатар нысандарды аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Аймақ басшысы алдымен Айдарлы ауылындағы №2 орта мектепке ат басын бұрып, білім ошағындағы күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Айта кетейік, қос қабатты оқу ошағында жылыту жүйесі автономды, қатты отынға ынғайластырылған.