ОҚУШЫЛАР ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕРДІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Шымкент қаласында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Тұран ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері жастар мен оқушыларға арнайы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл шара «Біріңғай қауіпсіздік күні» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып, балалардың төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.