НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ: БАСТЫ МАҚСАТ — ТҰРҒЫНДАРДЫ БАРЫНША ӘЛЕУМЕТТІК ИГІЛІКТЕРМЕН ҚАМТУ
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің Т. Рысқұлов ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар Тереңөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесумен басталды. Ауылдық округке Тереңөзек, Шолаққайынды, Көкарық елді мекендері қарайды.Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесуге құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.