"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

Н. НҰРЖІГІТОВ: ЕЛДІ МЕКЕНДЕР ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ТӘУЛІК БОЙЫ ҚАМТЫЛУЫ КЕРЕК

1 min read

Мойынқұм дейтін алып атыраптан ағайын үдере көшіп жатыр. Бұған себеп жұмыстың жоқтығы,  әлеуметтік игіліктерден ада елді мекендер. Мәселен, аталған ауданда бірде бір ауылға көгілдір отын тартылмаған. Оны айтпағанда тіршілік нәрінің өзі кестемен беріледі. Бұдан бөлек, аудан бойынша 18-ге толған 12059 жас бар. Сәйкесінше жастар жұмыспен қамтылмай келеді. Әлбетте мұнан кейін тұрғындардың тұрмысын көрмесең де белгілі. Ал, жергілікті билік немен айналысып жатыр? Мәселені шешуге құлықты әкім бар ма? Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің аудан активімен жиынында осы мәселелер назарға алынды. Толығырақ тілші тарқатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *