МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛУДЕ?
1 min read
Бүгінгі күнге, облыс бойынша 45 718 мүгедектігі бар адам тіркелген. Бұл облыс халқының жалпы санына шаққанда 3,9%-ды құрайды.Ал, мүгедектігі бар адамдарды қажетті арнайы оңалту құралдармен қамтамасыз ету мақсатында биыл республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 297,3 млн.теңге қаржы бөлініп, әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 11 215 мүгедектігі бар адам тиісті бұйымдармен қамтамасыз етілген. Бұл туралы басқарма өкілі баспасөз алаңында мәлімдеді.