МЕРКІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

Меркі ауданының әкімі Ербол Жиенқұлов өзінің тұрақты халықпен кездесуін жалғастыруда. Әкім осы аптаның басында Меркі, Жамбыл және Ақтоған ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздескен болса, күні кеше Сарымолдаев ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.