МЕМЛЕКЕТТІК НӨМІРДІ ҚАҒАЗБЕН ЖАУЫП ҚОЙҒАН ЕР АДАМ ЖҮРГІЗУШІ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛДЫ
1 min read
Жуалы ауданындағы полиция қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын мемлекеттік тіркеу нөмірлері оқылмайтын автокөлікті басқарғаны үшін ұстады. «Sitrak» маркалы көлігі «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» республикалық маңызы бар жолының 564-шақырымында тоқтатылды. Тексеру барысында жүргізуші мемлекеттік нөмірлердегі әріптерді қызыл қағазбен жауып тастағаны анықталды. Ол тауарды Ташкент қаласынан Алматы облысына тасымалдаушы екен.