МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БОЛДЫРМАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
1 min read

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының облысты филиалында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аймақтық кеңестің көшпелі отырысы өтті. Кеңес мүшелері орталықта халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің қол жетімділігі мен тиімділігіне мониторинг жасап, жұмысымен танысты. Орталықтағы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған жұмыстарды талқылады. Кеңес құрамына өзгеріс енгізіп, Кеңес төрағасының орынбасарын сайлады.