МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
1 min read
«Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ» Президент Қ.Тоқаев кезекті Қазақстан халқына жолдауында осылай деді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап ететінін жеткізді. Мемлекет басшысы жолдауда кәсіпкерлікті дамыту, қаржы нарығына енгізілетін өзгерістер, қор нарығын дамыту, аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын беру сондай-ақ, әлеуметтік саладағы кемшіліктерді атап өтті. Бұдан өзге елдегі өзекті мәселелерді шешуге басымдық берілгенін айтты.