"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫ МАҚСАТТЫ ЖҰМСАЛУЫ ТИІС

1 min read

https://www.instagram.com/p/DFkPgTdumXG/?utm_source=ig_web_copy_link

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев инвестициялық жобалар және күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы облыстағы әлеуметтік-экономикалық ахуал тұрақты екенін, су тапшылығына қарамастан күріштен мол өнім жиналғанын атап өтіп, өңірдің дамуына оң бағасын берді. Биыл да барлық макрокөрсеткіш бойынша өсімді қамтамасыз ету үшін жұмысты күшейту керек. Экономиканың негізгі үлесін алатын мұнай қорының соңғы жылдардағы төмендеу тенденциясын ескеріп, ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру өте маңызды. Инвестиция көлемін 10 пайыздық өсіммен меже бекітіңіздер. Жоспарланған жобалардың барлығын мерзімінде жүзеге асыруды және іске қосуды қамтамасыз етіңіздер. Өңірдің шикізаттық қорын, қолда бар ресурстарды, инженерлік-инфрақұрылымды тиімді пайдаланып, отандық және шетелдік инвестиция тарту бағытында жұмысты күшейту қажет.
Кәсіпкерлік басқармасының басшысы, инвестициялық жобалардың уақытылы жүзеге асуын үйлестіріңіз. Мәселені қатаң бақылауға алыңыз.

Облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағытындағы мобильді қосымшаны қолдануды жалғастырыңыздар. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз етіңіздер.

Балабақшалардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуі керек. Мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс.
Заң бұзушылықтарға жол беріп, шарт талаптарын орындамаған өнім берушілермен прокуратура органдарының ұсынымдарын негізге алып келісім-шарттарды бұзу қажет ”,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Дереккөз: @qyzylorda_oblysy_akimdigi

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *