МЕЙІРБИКЕ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» ретінде белгіленді. Қоғамның дамуы мен экономиканың тұрақтылығында жұмысшы мамандықтардың алатын орны айрықша. Әсіресе, денсаулық сақтау саласында еңбек ететін мамандар халық игілігі үшін аянбай қызмет атқарады. Солардың бірі – 45 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі мейірбике Оразкүл Бигазиева. Ол Меркі ауданындағы «Күншуақ» медициналық орталығында жұмыс істеп, науқастардың денсаулығына қамқорлық көрсетіп келеді. Өз ісіне шынайы берілген мейірбике жайлы толығырақ алдағы сюжетте