«МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА
1 min read
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап еліміздің 11 пилоттық өңірінде «Дара» қоры «Шеврон» компаниясының қолдауымен Оқу-ағарту министрлігімен серіктестікте және Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірге «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы жүзеге асуда. «Мүмкіндіктер уақыты» жобасы 17 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында қауіп тобындағы балалары бар отбасыларға ерте қолдау қызметін дамытуға және осы қызметтерде жұмыс істеу үшін ерте қолдау мамандарын оқытуға бағытталған.