КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫ: БӘРІ БАҚЫЛАУДА
1 min read
Ақ мамықтың артында алапат қауіп бар. Биыл еліміздің басым бөлігінде қыстың құрсауы қатты болып, елді әбігерге салған еді. Ендігі қардың жауғанынан бөлек, ерігенінің өзі мұңға айналды. Осы мәселе үкіметтің цифрлық кеңесінде қаралып, Жамбыл облысының басқа өңірлерімен қатар 30 қаңтардан бастап азаматтық қорғау бөлімшелерін белсендендіру тапсырылды. Себебі ауа-райына байланысты су тасқыны қаупі жоғары. Табиғаттың тосын мінезіне қарсы өңірде қандай жұмыстар жасалуда? Мағжан Орынбасар жеткізеді.