КЕНЕН ӘЗІРБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА — 140 ЖЫЛ
Алатаудың ақиығы атанған, дүлдүл ақын, бұлбұл әнші, ұлт мақтанышы Кенен Әзірбаевтың туғанына биыл 140 жыл толады. Ұрпағына баға жетпес мұра қалдырған ақын бабамыздың мерейтойын тойлау «Кенен әлеміне саяхат» атты шарамен республика көлемінде басталып кетті. Бұл іс-шара Алматы қаласындағы «Құрманғазы» атындағы ұлттық консерваториясындағы концертпен басталып, республика бойынша Кенен Әзірбаевтың аты берілген барлық нысандарда аталып өте бастады. Бұл бастаманы ақынның ұрпақтары қолға алды. Атап айтсақ, Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Кененұлы, қызы Төрткен Кененқызы және немересі Мұхтар Әзірбаев Қордай ауданындағы Кенен Әзірбаев атындағы Отар ауылдық №41 орта мектепке ат басын тіреп, салтанатты шараға қатысты.Толығырақ тілші материалында.