КЕДЕРГІЛЕР ЖОЛАҒЫНАН ЖОЛ ТАПҚАН БАРЛАУШЫЛАР
Қазақстан армиясының күзгі шақырылымындағы сарбаздар, соның ішінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Луговой гарнизонының жас барлаушылары, әскери ант қабылдауға дейін алғашқы сынақтардан өтті.Жаттығу барысында олар бронетехника сынағынан өтіп, барлаушы жолағынан сүрінбей өтті. Осылайша, жас сарбаздар барлау бөлімшесінің толыққанды жауынгері атануға лайық екендіктерін дәлелдеді.