ІРІ КӨЛЕМДЕ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСІРТКІНІ «TELEGRAM» АРҚЫЛЫ ТАРАТУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
1 min read
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткіні жеткізу арнасының жолын кесуде мақсатқа бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізді. Екі ай бойы жүргізілген операция нәтижесінде синтетикалық есірткі заттарын сатуды, тыйым салынған заттарды жарнамалауды жүзеге асырған 4 адамды анықтады.Олардың бірі 26 жастағы Тараз тұрғыны Алматыдан Таразға есірткі жеткізу арнасын ұйымдастырған. Ал 22 жастағы азамат Telegram арнасының әкімшісі болып табылады және есірткі саудасы желісіне персоналдарды жалдаумен айналысқан.