«ХАЛЫҚ ҮНІНЕ ҚҰЛАҚ АСАТЫН МЕМЛЕКЕТ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
1 min read

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі халықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады. Бүгінде облыста және барлық ауданда партияның қоғамдық қабылдау бөлмелері бар. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды тетігі. Ауыл тұрғындары тарапына көтерілген мәселелердің шешілуіне оң ықпал етуді көздеген «AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмелерінің аймақтарға сапары жалғасуда.