ГҮЛДАРА НҰРЫМОВА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН САРЫСУ АУДАНЫНДА БОЛДЫ
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдара Нұрымова Сарысу ауданында жұмыс сапарымен болып, тұрғындармен кездесіп, елді мекендердегі атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Алдымен «Аманат» партиясының Сарысу аудандық филиалының ғимаратында азаматтармен қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға тұрғын үй, жалақыны көбейту, алимент борышкерлеріне шара қолдану, сайлау бойынша ұсыныстар мен спорт мектебіне күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін қозғады.