ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚАДАМДАРЫ
Елімізде ғылым саласының дамуы үшін бірқатар жұмыстар жүзеге асуда. Мысалы 2021 жылы министрлік «Үздік зерттеуші» байқауын өткізіп, оның қорытындысы бойынша 50 жеңімпаздың әрқайсысы 6 миллион теңгеден алған. Ал докторанттардың шәкіртақысы 2019 жылғы 82 000 теңгеден биыл 195 000 теңгеге дейін өскен. Дәл осылай даму үрдісін жүзеге асыру мақсатында өңірде де бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.