ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРУ ҮШІН КӨЛІКТЕРІН ӨРТЕП ЖІБЕРМЕК БОЛҒАН
1 min read
Патрульдік полиция қызметкерлері кинолог мамандарымен бірлесіп, «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 340-шақырымында «Лексус ЕС 350» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болған. Алайда, полиция қызметкерлерімен өрт дер кезінде сөндірілді.