"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАҒАН АЗАМАТША ҰСТАЛДЫ

1 min read

Жамбылдық полицейлер 5 күн көлемінде өткізілген республикалық «Тосқауыл» жедел-прлфилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды. Тәртіп сақшылары  барлығы 11 есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Олардың қатарында  синтетиканы орап, жасырумен айналысқан есірткі тасымалдаған 26 жастағы азаматша да бар. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев 5 келі 178 гр есірткі заттары тәркіленгенін хабарлады. Оның ішінде 109 гр синтетика және 4 келі 842 гр – қара нарықта құны 10 миллион теңгеден асатын үнді қарасорасы сортындағы кептірілген марихуана алынды. Жедел уәкілдер Telegram каналы арқылы есірткі сатумен айналысқан 26 жастағы Тараз тұрғынын ұстады. Ол мефедрон, альфа-РVP синтетикалық есірткі заттарын грамдап орап, облыс орталығының аумағында жасырын орындарға қойып кетумен айналысқан. Оның пәтерінде балконнан 108 грамм синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді. Сондай-ақ есірткіні жарнамалайтын 31 интернет-сайт бұғатталған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алаяқтық фактілері бойынша республикалық іздеуде жүрген үш күдікті ұсталды. Жамбыл облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп, колонияларға қоршаудың сыртынан есірткі лақтырмақ 2 деректің жолы кесілді.  Көші-қон қызметімен бірлесіп көші-қон заңнамасының бұзылуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілді, оған 80 полиция қызметкері жұмылдырылды. Барлығы 123 шетелдік азамат қамтылды, оның 46-сына қатысты әртүрлі бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды, 11 факт бойынша елден шығару үшін материалдар дайындалды. 65 профилактикалық іс-шараға 3 мыңнан астам колледж, ЖОО, мектеп оқушылары қатысты. Қоғамдық орындарда есірткіге қарсы тақырыпта 2000-ға жуық брошюралар таратқан.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *