ЕЛДЕГІ ҒЫЛЫМ
Ғылым – ел дамуының көрсеткіші. Өркениет өрісі кең елдермен үзеңгі қағыстыруымыз үшін де алдымен ғылымды дамытуымыз керек. Өйткені, ғылым біздің өмірімізде негізгі рөл атқарады, қоғамның дамуына, технологиялық алға жылжуға және адам өмірі мен тұрмыс жағдайын жақсартуға мол мүмкіндіктер тудырады. Ғылымның маңызын терең түсіну, ғылыми зерттеулерді одан әрі қолдау және дамыту – адамзаттың болашағына қажетті басты шарттың бірі.