"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

ЕКПЕ САЛДЫРУ АУРУШАҢДЫҚТЫ АЗАЙТА МА?

1 min read

Елімізде қызылша ауруы өршіп тұр. Әсіресе Алматы мен Шымкент және Жамбыл облысында дерт дендеп жатыр. Қазіргі мәлімет бойынша Жамбыл облысында 2 124 адам төсек тартты. Оның ішінде 82 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Әзірге ауыр жағдайдағы науқас тіркелмеген. Дегенмен, қызылша жұқтырғандардың саны күннен күнге артып келеді. Жауаптылардың айтуынша, ауру жұқтырғандардың 85 пайызы  екпе алмағандар. Жыл басынан бастап науқастармен барлығы 16 905 қарым-қатынаста болған тұлға анықталған, оның ішінен 389 науқас есепке алынған. Бұл жөнінде баспасөз алаңында денсаулық сақтау басармасы басшысының орынбасары айтты. Оның сөзіше, қазір екпенің жеткіліксіздігі байқалады. Сол үшін қазір қосымша 95 мың вакцина жеткізілмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *