ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ 75 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАДЫ
Жамбыл облысы бойынша экология департаменті ағымдағы жылдың 9 айының жұмысын қорытындылады. Айта кетсек мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімі 29 тексеру жүргізді, соның ішінде 12 тексеру – жоспардан тыс, 14 – профилактикалық бақылау тексеру, 3 – талапқа сәйкес тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша заң бұзушылықтардың 75 фактісі анықталып, 28 нұсқама берілді.