«ЭКО LIFE» АТТЫ ФЕСТИВАЛЬ ӨТТІ
Бүгін қаланың белсенді жастары, Жасыл ел Тараз мекемесі және қала тұрғындары бірігіп, “Көктем” алқабында “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Эко Лайф” эстафетасын бастады. Фестивальдің негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау мен тазалықты сақтау мәселелеріне қоғам назарын аудару болып табылады.