Е.ҚАРАШӨКЕЕВ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Тараз қаласының Құмшағал тұрғын алқабында 300 орындық балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы өз есігін айқара ашты. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңа нысанның жұмысымен танысып, балалардың өнері мен қолөнер бұйымдарын тамашалады.