Е. ҚАРАШӨКЕЕВ 160 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жаңадан бой көтерген Ұлы Дала мөлтек ауданында үй кезегінде тұрған 160 отбасыға баспана кілтін табыстады. Жалпы ауданы 9600 шаршы метрді құрайтын бұл тұрғын үй құрылысын “Әулет Строй Тараз” ЖШС 2024 жылы бастап бүгінгі күнде аяқтап отыр. Көктемнің шуақты күнінде қоныс тойын тойлаған қала тұрғындарының қуанышы мен жаңа баспаналары туралы әріптесім Фархат Қаумен тарқатып айтады.