ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ
Тараз гарнизонында әскери қызметшілердің дене шынықтыру даярлығының деңгейі тексерілді. Бағалау жұмыстарын Спорт комитеті – Қорғаныс министрлігінің Орталық спорт клубының өкілдері жүргізді. Тексеру барысында әскери бөлімдердің әскери қызметшілері спорттық қалашықтар мен стадиондарда белгіленген нормативтерді орындап, дене даярлығы деңгейін көрсетті. Бұл шара әскери қызметшілердің кәсіби дайындығын арттыру және олардың физикалық мүмкіндіктерін бағалау мақсатында ұйымдастырылды.