ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ҚҰТЫРУҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ АТАЛЫП ӨТІЛДІ
1 min read
Дүниежүзілік құтыруға қарсы күрес күні ДДСҰ бастамасымен құрылды және жыл сайын 28 қыркүйекте атап өтіледі. Бұл күн осы аурудың таралу мәселесіне, сондай-ақ оның салдарына назар аударуға арналған. Құтыру — бұл адамдар мен жануарлардың аса қауіпті, өлімге әкелетін инфекциялық ауруы. Осыған орай, күні кеше Тараз инновациялық көпсалалы колледжінде «Дүниежүзілік құтыру індетіне қарсы күрес» бойынша «құтырудан сақтану және алдын алу» атты акциясы өтті. Бұл ауру туралы ел нені білуі қажет? Сарапшылар нендей мәселеге зер салды? Толығырақ алдағы бейнесюжетте!