ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР
Жамбыл облысында цифрландыру жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағыттағы жұмыстар өңірдің әртүрлі салаларында көрініс табуда. Соның бірі, білім саласы. Цифрландырудағы негізгі мақсат – бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, оқушыларға, студенттерге, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту. Ең бастысы – білім беру сапасын арттыру. Өйткені, цифрландыру үрдісі, мінсіз білім беру үдерісі мен сапасына әсер етеді. Осыған орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар» кафедрасы жанынан IT Академия ашылған болатын.