БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Таразда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі болып өтті. Мақсат — екі қолға бір күрек таппай жүргендерге көмек болатын бағдарламаларды жүзеге асыру. Бұл күні жәрмеңкеге келген азаматтар жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрды. Өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, түйіндемелерін тапсырды.