БИЫЛ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНА 13,5 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНБЕК
1 min read
2023 жылы облыстық мәдениет, архив саласында жоспарланған шаралар мен көзделген мақсатты индикаторларға қол жеткізіліп, бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. Облыс көлемінде халыққа мәдени қызмет көрсетіп отырған 514 мекемеге өткен жылы 13,4 млрд. теңге бөлініп, бюджет қаражаты 100%-ға игерілген. Ал биыл бұл салаға 13,5 млрд. теңге бөлінбек. Оның ішінде, іс-шараларға бөлінген қаржы – 231,5 млн. теңгені құрап отыр. Бұл туралы басқарма басшысы өз есебінде мәлім етті.