БИЫЛ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНА 2 ТРЛН-НАН АСТАМ ҚАРЖЫ БӨЛІНГЕН
Өңірдегі денсаулық сақтау саласы жыл сайын қарқын алып, дамып келеді. Мәселен, 2020 жылы 1 трлн қаржыны игерсе, өткен жылы бұл қаражат екі есеге артқан. Ал, биылғы қор 2 трлн 200 миллионға жетіпті. Басқарма басшысы Жанар Мықтыбекқызы баспасөз алаңында салаға бөлінген қыруар қаражаттың жұмсалуын жіктеп, жіліктеп жеткізді. Бәрі мақсатты түрде игерілген. Нәтижесінде салада біршама оңды өзгерістер байқалады.