«БІР АУЫЛ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ – ІС ЖҮЗІНДЕ
Бүгінгі таңда, Байзақ ауданында іскер әйелдердің қатары артып келеді. Олар өздерінің өнімдерін тек көрмелерге ғана емес, өзге де ауыл, облыс орталықтарына шығарып, тұтынушылардың санын арттырып жүр. Бұлар бір жағынан ауданның брендін қалыптастыруға үлестерін қосуда.