«БІЛІМІМ-ОТАНЫМА» АТТЫ БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТТІ
1 min read
Зымыраған уақыттың ағымымен оқу жылы да өз мәресіне таяды. Жалпы 2023-2024 оқу жылын 3,8 млн оқушы аяқтайды. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің болжауынша осы жылы мектепті 186 000 түлек бітіреді. Айта кетейік, сәуірде Оқу-ағарту министрлігі биыл Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайтынын хабарлады. Оның орнына барлық мектепте оқу жылының аяқталуына арналған бірыңғай сынып сағаты өтеді деген. Оған елдегі су тасқыны мен 25 мамырдың демалыс күніне сәйкес келуі себеп болған. Аталған сынып сағатын бүгін шаһардағы Ш.Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы да жалғады.