БІЛІМ КҮНІ САРЫСУ АУДАНЫНДА АТАП ӨТІЛДІ
1 min read
1 қыркүйек – Білім күні барлық мектептер мен білім ордалары оқушылар мен білім алушыларға есігін айқара ашты. Жамбыл облысында биылғы жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 23 мыңға жуық оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Оның 886-сы Сарысу ауданындағы білім ұяларында оқитын болады. Жалпы биыл Сарысуда 9 мыңнан аса оқушы «Алғашқы қоңырау» мерекесіне қатысты. Мереке күніне орай, аудан әкімі Сәкен Мамытов оқу ошағына барып, оқушыларды айтулы күнмен құттықтады.