"77TV" ТЕЛЕАРНАСЫ

Сіздің телеарнаңыз!

БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ОҚ ДӘРІЛЕРДІ ЖОЮ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

1 min read

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлім аумағында өткен жылдың тамыз айында өрт пен жарылыс болғаны есімізден шыға қойған жоқ. Ондағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылғыш заттарды жинау және жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Оқ-дәрілерді жою әскери бөлімнен 12 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтағы шалғай учаскеде жару әдісімен жүзеге асырылуда. Бұл аумақ ешкімнің жеке меншігі емес және Жамбыл облысы әкімдігінің рұқсатымен бөлінген. Бұл туралы баспасөз алаңында айтылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *