«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСУДА?
Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен аппарат кеңесі өтті. Жиында екі мәселе қаралды. Оның бірі өңірде 2019 жылдан бастау алған «Ауыл аманаты» жобасының іске асуы болса, екіншісі өңірдің геоақпараттық жүйесінің жұмысы. Атап айтар болсақ, бүгінгі таңда «Ауыл аманаты» жобасы арқылы несиелендірілген қаржының қайтарылуы 99,5 пайызды құрап отыр. Ал, биыл ұлттық жобаға 24 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде жаңадан 25 мыңнан аса жеке кәсіпкер тіркелуі күтілуде. Жиыннан толығырақ әріптесім әңгімелейді.