АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ ӨТТІ
1 min read
Бүгінгі форумды Ауыл Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Жамбыл облысы өңірлік филиалы мен Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасы ұйымдастырып отыр. Форум гендерлік теңдік ұстанымын айқындауды, ауыл әйелдерінің проблемалары төңірегінде әйелдер қауымдастығын біріктіруді, ауыл әйелдерінің саяси көшбасшылығы мен мансаптық ілгерілеуіне серпін беруді, әйелдер мен балалардың әлеуметтік мәселелерін, қазіргі заман отбасы институтының мәселелерін талқылауды, белсенді жұмыс жасауды мақсат етеді.