АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін облыс әкімдігінің бас ғимаратында Е.Қарашөкеевтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті. Жиын барысында мемлекет басшысының 2025 жылдың соңына дейін қала мен ауылдарды 100% сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстардың барысы қаралды.