АУДИТОРЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ НӘТИЖЕСІ
1 min read
Облыс бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес 2023 жылда тиісті жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Департаментпен 88 аудиторлық іс-шаралар жүргізілді. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 85-те жалпы сомасы 13 640,2 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 3 007,9 млн.теңгеге қаржылық бұзушылықтар, оның 237,4 млн.теңгесі бюджетке өтелуге жатады. Бұл жөнінде бүгін баспасөз алаңында өткен жылды қорытындылаған жауаптылар мәлім етті.