АССАМБЛЕЯ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ
Бірлік пен бірегейліктің қайталанбас, еш елде баламасы жоқ институты — Қазақстан халқы Ассамблеясы. Жалпы, Республикамыз бойынша Жамбыл жері этностар ең көп шоғырланған аймақ. Қазіргі уақытта облысымызда 87 этнос пен этникалық топ өкілдері тұрады. Бүгінгі таңда Ассамблея қайырымдылықпен белсене айналысатын ұйымға айналды. Қайырымдылық десе Ассамблея мүшелері мен жастары ізгілікті іске бірден кірісіп, жұмылуға әркез дайын. Елімізде орын алған түрлі табиғи апаттар мен тосын жайларда ұйым мүшелері көмек қолын созудан іркіліп қалған емес. Бұл туралы баспасөз брифингінде айтылды.