«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ АЙМАҚТЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
1 min read
Күні кеше «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Білім мен денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Біріншісі — наркологиялық, психикалық, туберкулез аурулары мен олардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы болса, екінші мәселе-жұқпалы аурулардың жағдайы мен олардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайы.