«АҢСАҒАН СӘБИ» БАҒДАРЛАМАСЫНА КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?
1 min read
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын. Осы орайда, экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квотаның саны 7 мыңға дейін артты. Осылайша, мыңдаған отбасы бала сүю бақытына ие бола алады. Ал барлық шығын мемлекет есебінен төленеді. Бағдарламаның жүзеге асуы, қатысу шарттары және жолдама алу туралы толығарақ алдағы бейнематериалда.